Кепілдегі көлікті қалай сатуға болады

4181

Машинаны несиеге алған адам оны төлей алмаса қайтпек?

Кепілдегі көлікті қалай сатуға болады

Банк алдындағы қарызды өтеу қиынға соғатын кездер болады, мұндай қиындық әркімнің басына түсуі мүмкін. Автокөлік кепілде тұр, оны сату үшін алдымен несиенің қалған сомасын төлеу қажет. Бұның бәрі келісімшартта жазылған... 

Егер біреуден қарыз алуға мүмкіндік болмаса, сатып алушы берген ақшаны жаратуға болады. Ол үшін алдымен қарызды төлеп, артынша көлікті ауыртпалықтан босатасыз (бұған 2-3 күн кетеді), содан кейін қалған ақшаны аласыз да, автокөлікті қайта рәсімдейсіз. Мұны нотариус арқылы істеген дұрыс, кепілақы келісімшарты 27 780 теңге тұрады. 

Сонымен, кепілде тұрған машинаны сату үшін келесі әрекеттер жасалады: 

1. Қарыз сомасы анықталады. 
2. Сатушы нотариус арқылы сатып алушымен қалған қарыз сомасына кепілақы келісімшартын (құны 10 АЕК, яғни 27 780 теңге) жасайды. 
3. Банк алдындағы қарызды төлейді. 
4. Мүліктің банктегі кепілдіктен шығарылғаны туралы құжат аласыз (бұл жылдам әрі тегін). 
5. Мамандандырылған ХҚКО-да мүліктен ауыртпалықты шешуді рәсімдейсіз (Көлік құралын тіркеу ережелеріне сәйкес, рәсімдеуге тыйым салу не шектеу Бірыңғай ақпараттық жүйеде банк берген құжат түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жарияланып, алынады). 
6. Нотариус арқылы сатып алу - сату келісімшарты (10 АЕК) жасалғаннан кейін сатып алушы машинаны мамандандырылған ХҚКО-да есепке қояды. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу