"Кепілдендірілген пайда": алаяқтар Ақмола тұрғынын 7 млн теңгеге сан соқтырған

297

Күдіктілер анықталды.

"Кепілдендірілген пайда": алаяқтар Ақмола тұрғынын 7 млн теңгеге сан соқтырған Фото: inbusiness.kz

Алаяқтар ақмолалық тұрғынды 7 млн теңгеге сан соқтырған, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.   

Көкшетау тұрғыны "кепілдендірілген пайда" криптовалютаға инвестиция салу үшін ақшалай қаражат беруге көндірген алаяқтардың құрбаны болды.   

"Инвестициялау арқылы пайдалы табыс" туралы хабарландыруын әйел 2023 жылдың қарашасында әлеуметтік желіден кездестірген. Жәбірленушінің айғақтары бойынша, 2023 жылы 4-23 қараша аралығында белгісіз адам алдау арқылы өзіне тиесілі 7 млн 280 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты иемденді.   

Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.   

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің бірін анықтады. 2004 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны жәбірленушінің ақшалай қаражатын үшінші тұлғаға аударған делдал болған.   

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері негізгі күдіктінің жеке басын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу