Кепілдендірілген трансферт 4 трлн 770 млрд теңге көлемінде айқындалды

649

Ұлттық қордан қанша ақша алынатыны белгілі болды. 

Кепілдендірілген трансферт 4 трлн 770 млрд теңге көлемінде айқындалды

Мәжілісте "ҚР Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР заңына өзгеріс енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды. 
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығы бойынша Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 4 трлн 770 млрд теңге көлемінде айқындалғанын айтты. 

"Заң жобасында 2020 жылда осы қаражатты қолданыстағы кепілдендірілген трансферт туралы заңда көрсету көзделді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу