2020 жылдан бастап Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 880 млрд теңгеге қысқарады. Бұл турасында мәжілістің кеңейтілген отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады.
Оның айтуынша, кепілдендірілген трансферт көлемі кезең-кезеңімен төмендейді. Оны реттейтін заң жобасын мәжіліс депутаттары мақұлданды. Аталған заң жобасы бюджет кодексіне сәйкес әзірленген. Бұдан бөлек, депутаттар үкіметтен ұлттық қор қаражатын ұтымды пайдалануды және оны толықтыру динамикасына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отыру қажеттігін де баса айтты.
Тимур Сүлейменов, ҚР ұлттық экономика министрі:
"Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері кезең-кезеңімен төмендейді және 2018 жылы - 2 600 млрд теңгені, 2019 жылы - 2 300 млрд теңгені, 2020 жылы және алдағы жылдары - 2 трлн теңгені құрайды"