Кепілдік беруші елдер Сириядағы Израильдің әскери шабуылын айыптады

919

Сирия бойынша келіссөздерде Ресей, Түркия және Иран тарапы Израильдің Сириядағы әскери шабуылын айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Кепілдік беруші елдер Сириядағы Израильдің әскери шабуылын айыптады Фото: sputnik.kz

"Кепілдік беруші елдер халықаралық құқық пен гуманитарлық құқықты, Сирия мен көрші елдердің егемендігін бұзатын, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін Сириядағы Израильдің әскери шабуылын айыптайды", - деп жазылған Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Сирия келіссөздері бойынша кепілдік беруші елдердің қорытынды мәлімдемесінде. 

Сондай-ақ Ресей, Түркия және Иран тарапы "Израильдің азаматтық ұшақтарды агрессия мақсатында Сирия аумағында қолдануы халықаралық ережелерді өрескел бұзу болып саналатынын,  тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді" деп атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу