Кепілдік қамтамасыз ету мәселесі алғаш рет шағын несиеге кепілдік беру арқылы шешіледі

815

Кепілдік қамтамасыз ету мәселесі алғаш рет шағын несиеге кепілдік беру арқылы шешіледі

Бұл туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен үкімет отырысында ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов айтты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Министрлік 2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының екінші операторы.

Ауылды жерде кепілгер "ҚазАгроГарант" АҚ болмақ.

Бағдарламада ауылды жерде және шағын қалада шағын несие ұсыну мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін қарастырылған. Жаңадан бастаған кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері – 85%-ға дейін, әрекеттегі кәсіпкерлер үшін – 50%-ға дейін. Бұл мақсатқа 2017 жылы республикалық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінген.

Ауылды жер мен шағын қалада шағын несиені "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ қорландыруы және "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы бағдарламаға қатысушыларды тікелей несиелеу арқылы шағын несие ұйымы мен несие серіктестігі ұсынады.

Шағын несиелеу ұйымының бағдарламаға қатысуын ынталандыру және пайыздық мөлшерлемені төмендету үшін ШҚҰ операциялық шығынын субсидиялау құралы енгізілген. Субсидия мөлшері – берілген шағын несиенің 10%-ы.

"Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ 18 шағын несие ұйымы мен 167 несие серіктестігінің тізімін жасады. 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін 2221 жұмыс орны құрылды.

Ақпан айында еліміздің барлық 160 өңірінде кооперация негіздерін және Өнімді жұмыспен қамту бағдарламасын түсіндіру жөнінде көшпелі семинар өтті. Сонымен қатар Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері осы бағыттағы жұмысты жандандыруы тиіс.

Сөз соңында Қайрат Айтуғанов бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін министрлік барлық қажетті шараны қолданып жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу