Кепілге алынған адам ХАМАС-тан қашып, төрт күн бойы Газа секторында жасырынып жүрген

278

Жігіт музыка фестивалінде дыбыс режиссері болып жұмыс істеген.

Кепілге алынған адам ХАМАС-тан қашып, төрт күн бойы Газа секторында жасырынып жүрген Фото: bbc.com

25 жастағы Рони Кривой ХАМАС қолынан қашып шығып, Газа секторында төрт күн бойы жасырынған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұл жігіттің екі азаматтығы бар – Ресей және Израиль.

Кривой Израильдің солтүстігіндегі Кармиэл қаласында тұрады. Музыка фестивалінде дыбыс режиссері болып жұмыс істеген. Қазанның 7-де оны ХАМАС содырлары кепілдікке алған.

Израиль басылымдарына сұхбат берген оның әпкесі жігіттің содырлар қолынан сытылып шығып, Газа секторында жасырынғанын айтқан.

Алайда көп ұзамай жігітті содырлар ұстап алып, қайта кепілдікке алған.

25 жастағы жігіт жексенбі күні Хамастың төрт күндік уақытша атысты тоқтату келісімінің бір бөлігі ретінде емес, Ресей президенті Владимир Путинге жасаған ишарасы ретінде босатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу