Кепілге алынған ақтөбелік әйел ауруханадан шықты

102

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы әйелдің жағдайы тұрақталғанын жеткізді. 

Кепілге алынған ақтөбелік әйел ауруханадан шықты Фото: freepik

Ақтөбеде кепілге алынып, аман қалған 40 жастағы әйел ауруханадан шықты, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

"Жалпы жағдай мен денсаулық көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты науқас нұсқаулықтармен үйге шығарылды. Тіркелген жері бойынша емханада одан әрі бақылауда болады", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Ақтөбеде ер адам бір отбасыны кепілге алған болатын. Полиция үш сағаттық келіссөзден кейін ғана үйге басып кіріп күдіктіні ұстады. Оқиға болған жерді тексеру барысында сарайдағы жертөледен жәбірленушінің 74 жастағы өгей әкесі мен 66 жастағы анасы табылды.

Қарт кісілердің бірі тасымалдау кезінде, екіншісі ота үстелінде көз жұмды. Оқиғаға қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы “Кісі өлтіру” және 261-бап “Адамды кепiлге алу” бойынша іс қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу