Төрткүл дүниеге әйгілі отандық боксшы, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин көшеде кішкентай жанкүйерлерімен бірге суретке түсіп, өзінің қарапайымдылығымен елді тәнті етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көлік ішінде отырған Головкин GGG жазуы бар кепка киген жасөспірімді байқап қалады. Кейін әзілдеп "Жігіттер! Кепканы қайдан алдыңдар?" деп сұрайды.
Желіде таралған бейнежазбадан боксшының көліктен түсіп, балалармен бірге естелік суретке түскенін байқауға болады. Танымал спортшымен сөйлескен жасөспірімдер өздерінің қуанышын жасыра алмады.
Геннадий Головкин – отандық боксшы. Ол Қазақстан тарихындағы танымал спортшылардың бірі. Дүние жүзінде GGG лақап атымен танымал. Орта салмақта WBA, WBC, IBF, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болған. 2004 жылы Афинада өткен олимпиадада еліміздің намысын қорғап, күміс жүлде иеленді.