Кептеліс болса, даму бар – Вице-министр елордалықтардың шағымына жауап берді

193

Ведомство өкілі қала көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Кептеліс болса, даму бар – Вице-министр елордалықтардың шағымына жауап берді Фото: instagram.com/kolikpress

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Сенаттың жалпы отырысынан кейін елордадағы көлік кептелісіне пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Іс жүзінде жол салу министрліктің нормативтік құжаттарына кіреді. Дегенмен, бұл — жергілікті атқарушы органның құзіретіндегі шаруа. Онда автомобиль жолдары басқармасы бар. Мұның бәрін солар жоспарлайды", — деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына.

Вице-министр өткен жылы Астананы дамыту мәселесі талқыланғанын, оның барысында тұрғындар да, журналистер де ұсыныс енгізгенін атап өтті. 

"Дегенмен, кептеліс — ағымдағы жөндеу жұмыстары. Кептеліс болса, демек, даму жүріп жатыр деген сөз. Ал даму — бұл жақсы", — деді Мақсат Қалиақпаров.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу