"Жобаға 42,1 млрд теңге жұмсалады. Нәтижесінде ішкі нарықтың табақ шыныға қажеттілігінің 98%-ы өтеледі", – деді министр.
Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, 2023 жылға дейін шетелдік инвесторлардың қатысуымен керамикалық плитка шығаратын 3 жаңа кәсіпорын іске қосылады.
"Бұдан бөлек 2025 жылға дейін кальцийленген сода өндіру бойынша тағы жаңа 2 кәсіпорын пайдалануға беріледі. Соның бірі Жамбыл облысындағы "Qazaq soda" ЖШС, екіншісі Павлодар облысындағы "Павлодар сода" ЖШС", – деді министр.
Қанат Махамбет