Керчь қаласында қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ-ге сілтеме жасап.
"Зардап шеккендер мен көз жұмған адамдардың ішінде қазақстандықтар жоқ. Қазақстанның атынан Керчьте қайтыс болғандардың туған-туыстарына, жақындарына көңіл айта отырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген ҚР сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Еске сала кетсек, кеше Керчь қаласындағы политехникалық колледжде жарылыс болды. Қаза болғандар саны 21 адамға жеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу