Керекуде шыбын-шіркейді улау шараларына трамвайлар жұмылдырылады

256

Қалалық трамвай басқармасы бұл шаруаға 5 трамвай бөлді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Керекуде шыбын-шіркейді улау шараларына трамвайлар жұмылдырылады Фото: Наталья Зинченко

Көлік құралдары биологиялық препаратты шашатын қондырғылармен жабдықталады.

Бұл туралы Павлодар қаласының басшысы Хасар Хабылбеков хабарлады.

"Трамвай басқармасы шыбын-шіркейді улау жұмыстарына 5 вагон бөлді. Оларға препарат шашатын жабдықтар қойылған. Трамвайлар түнгі уақытта қала көшелеріне шығып, препараттарды бүркеді", - деп мәлімдеді әкім.

Қазіргі уақытта дезинсекциялық жұмыстарды жүргізуге арналған бригадалардың саны да ұлғайған. Сәуір айының басынан бері қала бойынша 10 тұрғын үйдің жертөлесі шыбын-шіркейге қарсы өңделді. Ал 25 сәуірден бері қала аумағындағы су айдындарының маңайында улау шаралары жүргізіліп жатыр. Бүгінде аумақтың 90 пайызына препарат шашылған.

Ал "Зеленая роща" демалыс аймағы мен оңтүстік су жинағышындағы сорғы стансасы маңында өңдеу шаралары ертең басталуы мүмкін. Ғылыми топ өкілдері бұл аумақтағы қансорғыштардың дернәсілдері әлі белсенділік танытып отырған жоқ дейді.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы химиялық өңделетін аумақ көлемі ұлғайып, 127 мың гектар жерге биологиялық препарат шашылады 

Павлодарға шыбын-шіркейді әуеден улайтын 8 ұшақ ұшып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу