Керекуде жұмыртқа мен қант көп мөлшерде сатылмайды
03 Наурыз 2021 21:36 729

Павлодар қаласындағы әлеуметтік дүкендер желісі осындай лимит қойып отыр. Осылайша, бағаны негізсіз өсіретін алыпсатарлардың жолын кесеміз, дейді жергілікті билік. Өйткені, әлеуметтік дүкендердегі арзан бағадағы азық-түлікті делдалдар көтермелеп сатып әкететін көрінеді. Және қасақана құнын да шарықтатып жібереді екен. Қазіргі таңда өңірдің тұрақтандыру қорынан алынатын 10 түрлі күнделікті тұтынатын тағамдар, Кереку шаһарындағы 77 әлеуметтік дүкендерде белгіленген төмен бағада саудаланады.