Керекулік азамат автобусқа оқ атты

1858

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.  

Керекулік азамат автобусқа оқ атты

Павлодарда автобус пен маршруттық таксиге пневматикалық тапаншадан оқ атқан жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам өткен бейсенбі және жұма күні таңертең "екі автобус пен үш маршруттық таксиге оқ атылып, барлық көлікке зақым келген", - деп атап өтті полицияда.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Ұсталған азамат өз іс-әрекеттерін қоғамдық көлік сигналдарының шуымен байланыстырды. Оның тапаншасы тәркіленіп, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу