"Кері реакция туып жатса, ауыстырамыз" – министр

913

Депутат жетістікке жеткен жандардың беделіне нұқсан келтіруге болмайтынын айтты.  

"Кері реакция туып жатса, ауыстырамыз" – министр

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздары бейнеленген банерлерді құрылыс алаңдары қоршауының қаптамасына айналдырмау керек. Депутат Зағипа Балиева мәжілісте өткен үкімет сағатында осындай  пікір білдірді. 

Оның сөзінше, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы жеңімпаздарының бейнесі көрнекті жерлердегі банерлерде және журналдарда жариялануға тиіс", – деді Зағипа Балиева. 

Халық қалаулысының пікірімен ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев келіспеді.
"Құрылыс алаңдары қоршауларының сыртындағы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы жеңімпаздарының суретінен табысқа жеткен адамдардың тарихын көруге болады. Егер, кері реакция туып жатса, ауыстырамыз. Бізде осындай адамдар бар екеніне мақтанайық", – деді Дәурен Абаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу