"Кейінгі айда денсаулық сақтау басқармасы басшысы, құрылыс бөлімі жетекшісі және облыс әкімінің орынбасары күдікке ілінгені мәлім болды. Жыл басынан бері Антикор қызметкерлері 30 факті анықтаған, бірақ бес мемлекеттік қызметкер ғана бас бостандығынан айырылған", - деді Independent KZ тілшісі Әсем Гумарова.
Әкім Есқалиевтің айтуынша, облыста пара алу соншалықты көп емес.
"Біздің өңірде пара алу жиі ме, әлде сирек пе – ондай статистика қолымда жоқ. Әрі мұндай рейтингте, егер сондай рейтинг бар болса, көш бастап тұрған жоқпыз деп ойлаймын. Керісінше, біз жемқорлықпен күресті күшейттік, ештеңе жасырмадық, фактілерді аштық. Сондықтан облыста сондай имидж қалыптасқан шығар", - дейді Есқалиев.
Тасқын Болатұлы