Арнайы әкімшілік аймақтың басшысы Кэрри Лэмның айтуынша, Құрама Штаттардың Гонконг туралы қабылдаған заңы мұндағы бизнеске қолайсыз жағдай тудырмақ.
Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп Гонконгқа қатысты екі заңға қол қойған болатын. Біріншісі – "Гонконгтағы демократия мен адам құқығын қорғау туралы заң". Екіншісі – АҚШ-та жасалған полицейлік жабдықтарды Гонконгқа сатуға тыйым салу туралы заң.
Гонконг басшысының айтуынша, аймақ үкіметі бұл заңдарды қажетсіз және қисынсыз деп таниды, әрі Вашингтонның бұл қадамын Гонконгтың ішкі істеріне араласу деп есептейді.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу