Кеше "112" қызметіне әртүрлі сипаттағы 6,6 мың қоңырау түскен

1188

ТЖД-да жедел штаб құрылды.

Кеше "112" қызметіне әртүрлі сипаттағы 6,6 мың қоңырау түскен

Астананың төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты 5-7 ақпан аралығында жедел штаб ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

5 ақпанда "112" қызметіне әртүрлі сипаттағы 6638 қоңырау (жолдардың жабылуы – 2211, сабақтың болмайтыны туралы - 2307) келіп түскен. 5 ақпанда сағат 20:00-ден бастап департамент бөлімшелері "Астана-Қорғалжын", "Астана-Қосшы", "Астана-Көкшетау", "Астана-Атбасар", "Астана-Павлодар" және "Астана-Қарағанды" бағыттары бойынша жоғары өтімді автомобильдермен (КУНГ) патрульдеу жұмыстарын жүргізді, 60 адам (оның ішінде 9 бала) 19 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды.

"01 сағат 10 минутта Қоянды кентінің ауданында ішінде жүкті әйел бар автокөліктің қар құрсауында қалып қойғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына департаменттің бөлімшесі жіберілді, босанатын әйелді №1 перинаталдық орталыққа жеткізді және акушерлерге тапсырды", – деп хабарлады ТЖД.

"Астана-Павлодар" тасжолынан басқа барлық бағыттар бойынша жолдар ашық бірақ, жүк және қоғамдық көлік үшін шектеулер бар.

Төтеншеліктер қала тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына жол жүрмеуге және ауа райы күрт нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу