Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың наурызындағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:09-дегі бағасы 0,5 долларға (0,72%) төмендеп, барреліне $68,96 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,7 долларға (1,07%) төмендеп, барреліне $64,86 құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу