Кеше Арыста ұрлық жасаған 4 азамат ұсталған

981

Тұрғындардың малы мен жеке мүліктері ұрланған. 

Кеше Арыста ұрлық жасаған 4 азамат ұсталған

Бүгінде Арыс қаласындағы полиция бөлімі тәулігіне 24 сағат жұмыс істеп жатыр. Қазір қалада 70 тергеуші мен 40-қа жуық криминалист жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Арыс қаласына келген ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, полицейлер әкімдік қызметкерлерімен бірге жарылыстан зақымданған үйлерді аралап зерделеп жатыр.

"Арыстағы бос қалған үйлерді жаппай тонау фактілері орын алған жоқ. Бірақ кеше ұрлық жасалған жағдайлар анықталды. Нақтырақ айтқанда, азаматтардың малы мен жеке мүліктері ұрланған. Бүгін ол жағдай бойынша 4 күдікті ұсталды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр",– дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу