Кеше ғана ана атанған Баян Мақсатқызы сәбиін тастап, түсірілім алаңында жүр

811

Жаңа фильм комедия жанрында болмақ.

Кеше ғана ана атанған Баян Мақсатқызы сәбиін тастап, түсірілім алаңында жүр Фото: Бейнежазбадан

Таяуда ғана ана атанған продюсер Баян Мақсатқызы сәбиін үйге тастап, бұрын-соңды болмаған жанрда фильм түсіріүшін өзі түсірілім алаңына келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Керемет іс-шараның ашылуында тұрмыз. Әуелі мені үшінші рет ана атануыммен құттықтап қойсаңыздар болады. Қызымды үйге қалдырып, түсірілім алаңына келдім. Бұрын-соңды болмаған жанрға фильм түсіруді бастап кеттік. Барлығы кәсіби түрде жүзеге асырылады. Комедия жанрын таңдадық", – деді продюсер.

Осы ретте желі қолданушылары кеше ғана ана атанған продюсердің түсірілім алаңында жүргеніне таңқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу