Кеше ғана қызметінен босатылған вице-министрдің коронавирус жұқтырғаны анықталды

2202

Камалжан Надыровты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы етіп тағайындау жоспарланған еді.

Кеше ғана қызметінен босатылған вице-министрдің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Кеше Үкімет қаулысымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Талғатұлы Надыровтың ауруханаға жатқанын хабарлады.

"Алматы қаласында коронавирустық инфекция кеңінен тарап, жағдай қиындаған соң Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қазіргі басшысы Тілеухан Шілдебайұлы Әбілдаев отставкаға кету туралы өтініш білдірген болатын. Қаладағы команданы күшейту мақсатында басқарма басшысы лауазымына К.Т. Надыровты тағайындау жоспарланған еді. Алайда, кеше кешкісін К.Т. Надыровқа коронавирустық инфекция жұқтырған деген диагноз қойылды, қазір ол емделу үшін ауруханаға жатты",– деп жазды министр фейсбук әлеуметтік желісінде.

Осы жағдайға байланысты Алматы қаласы әкімінің келісімімен Т.Ш. Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылған.

"Жалпы, Алматыдағы COVID-19 қатысты жағдай мемлекет және қала басшылығының ерекше бақылауында. Бүгін таңғы мәлімет бойынша мұнда 678 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды, скрининг нәтижесінде науқастардың жартысына жуығы медицина қызметкерлері екені белгілі болды. Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы індеттің ошағы оқшауландырылды, барлық пациенттер, коронавирустық инфекция диагнозы расталған қызметкерлер қаладағы стационарларға орналастырылды және емделуде. Аталған аурухананың ғимараттары толық дезинфекцияланады, стационар содан кейін ғана науқастарды қабылдауға кіріседі",– дейді Біртанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу