Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, аталған облыстарда өрт туралы ақпарат түскен бойда оны толық сөндіруге бағытталған жұмыстар күшейтілген.
Өрт сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің су төгу құралдарымен жабдықталған тікұшағы мен орман күзеті қызметкерлері қатысып жатыр.
Бірқатар өңірде найзағайлы фронттар мен аптап ыстықтың сақталуына байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік орман күзеті мен "Қазавиаорманқорғау" күштері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстары да үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Министрлік азаматтарды өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, табиғат аясында сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауға және отты пайдаланған кезде барынша абай болуға шақырды.