Кеше шетелден келген 342 қазақстандық ПТР-тест тапсырды

1045

2021 жылдың 13 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат.

Кеше шетелден келген 342 қазақстандық ПТР-тест тапсырды

Кеше Қазақстанға Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Кипр, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келген. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сүйенсек, 2 242 жолаушының ішінде 1 900 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған, ал 342 қазақстандықта анықтама болмаған.  

  • Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 792 жолаушы, анықтамамен - 1 533, анықтамасыз - 259;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 440 жолаушы, анықтамамен - 357; анықтамасыз - 83;
  • Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 10 жолаушы анықтамамен келген.

"Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу