Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев instagram парақшасында жазды.
"Кешенді тестілеуді тапсыру күні неке күнімен тұспа-тұс келіп түсті. Бүгін Көкшетау қаласында магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге ерекше тестіленуші келді. Маңызды емтиханды жіберіп алмауды шешкен бақытты қалыңдықты тестілеуге күйеу жігіт қолдап келді. Жас жұбайларға зор махаббат пен ауызбіршілік, ал қалыңдыққа сәттілік тілеймін!", - деп жазды ол.
Маңызды сәтте қалыңдықты күйеу жігіт те қолдап келген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу