"Кешірім бермеймін": Жанқош Тұрар "зорлады" деген қыздың әкесі Қалдыбек Құрманәлі мәлімдеме жасады

3118

Сазгер осы жағдайға бола Алматыға барған. 

"Кешірім бермеймін": Жанқош Тұрар "зорлады" деген қыздың әкесі Қалдыбек Құрманәлі мәлімдеме жасады Фото: видео скриншот

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтан зорлық-зомбылық көрдім деп шағым түсірген Әнару Құрманәлінің әкесі сазгер Қалдыбек Құрманәлі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Спортшы Жанқош зорлады деп арызданған Әнару Құрманәлінің әкесімен сөйлестім. Қалдыбек Құрманәлі – белгілі сазгер. Ол Шәмші әндерін насихаттап жүретінін білесіздер. Қалдыбек ағаның 2016 жылы өмірден өткен Ақмаржан Таубаева есімді әйелінен Әнару қызы мен Әнасыл ұлы бар екен. Балаларыммен араласып, көмектесіп тұратынын айтты. Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. "Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім" дейді. "Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім" деп отыр", – деп жазды журналист. 

Оның айтуынша, қыздың әкесі Қалдыбек Құрманәлі Жанқош Тұраровқа кешірім бермей, істі аяғына дейін жеткізуге кіріскен.

“Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұралғанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтты. "Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын" деп отыр. Әнару – 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын деді. Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір депрессияда жүр дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты", – деп мәлімдеді медиа маманы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу