"Кешірім сұраймыз": Мас күйде ұсталған Қостанайдың бас имамы қызметінен босатылды

2696

ҚМДБ өз қызметкеріне қатысты ресми түсініктеме беріп, оның қызметінен кеткенін мәлімдеді.

"Кешірім сұраймыз": Мас күйде ұсталған Қостанайдың бас имамы қызметінен босатылды Фото: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көлікті мас күйінде жүргізгені үшін қамауға алынған Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды", - деді ҚМДБ баспасөз қызметінен. 

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет 23 шілде күні Ақмола облысының Бурабай кентінде мас күйінде автокөлікке отырып, жол ережесін бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылғанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу