Кешірімді 2033 жылы сұрауы мүмкін

907

Кешірімді 2033 жылы сұрауы мүмкін

Fox News арнасының жүргізушісі Билл О’Рейли РФ президенті Владимир Путинді "қанышер" деп атағаны үшін кешірім сұрамайтынын мәлімдеді, — деп хабарлайды "РИА Новости".

Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президентке қарата айтылған мұндай сөздерді тіл тигізу деп санайтынын мәлімдеп, мұндайға жол беруге болмайды деп есептейді. Сонымен қатар ол журналистің кешірім сұрауын күтетінін жеткізген болатын. Ресейдің журналистер одағы да ешбір журналистің біреуді қанышер деп айыптауға құқы жоғын айтқан.

Ал журналистің өзі кешірім сұрауға ниетті емес екенін тікелей эфирде айтты. "Мен қалай кешірім сұрайтынымды ойластырып жүрмін, бұл біраз уақыт алуы мүмкін. Бір 2033 жылдары дайын болып қалады", - деді О’Рейли.

Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамппен тілдесе отырып, О’Рейли Батыс елдерінің ресми Мәскеуге қатысты айыптарды еске салып, Ресей басшысын "қанышер" деп атаған. Бұл сөзге Трамп "Сіз қалай ойлайсыз? Біздің ел соншалықты пәк пе еді?", - деп жауап беріп, Америка Ресейге қарсы тұрғанша, серіктес болғаны ұтымды болатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу