Кешкі саудада 1 доллар 426,7 теңге көрсеткішіне тұрақтады

930

Ұлттық валюта 1,02 теңгеге нығайды.  

Кешкі саудада 1 доллар 426,7 теңге көрсеткішіне тұрақтады

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2021 жылғы 9 маусымдағы 17:00-дегі саудада доллардың орташа бағамы 426,7 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Осылайша 8 маусыммен салыстырғанда ұлттық валюта долларға қатысты 1,02 теңгеге нығайды. 

KASE ақпаратына сүйенсек қор биржасындағы саудада ең төменгі бағам 1 доллар үшін 426,01 теңге,  ең жоғары бағам – 427,50 теңге болған. Сағат 15:30-дағы саудада доллар 426,72 теңге көрсеткішіне тұрақтады. 

Kurs.kz-тің хабарлауынша, елордалық ақша айырбастау пункттерінде АҚШ валютасы 426-428 теңгеден, Алматыда - 426,5-429 теңгеден сатылуда.

Ұлттық банктің 9 маусымдағы ресми (нарықтық) бағамы бір доллар үшін 427,83 теңгені құрайды.  Теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы келесі күні Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижелері бойынша белгіленді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу