Кешкі сегізден таңертеңгі 9-ға дейін тыныштықты бұзуға болмайды

1886

Елімізде "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" кодекстің "Тыныштықты бұзу" туралы бабын қайта қарау жоспарланып отыр. 

Кешкі сегізден таңертеңгі 9-ға дейін тыныштықты бұзуға болмайды

"Тыныштықты бұзу" туралы 437-бап қайта қаралды. "Сағат 23:00-ден таңғы 6-ға дейiнгіні" "20:00-ден таңертеңгі 9-ға дейін" өзгерту ұсынылады",– делінген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың баяндамасында.

Баяндама мәтіні мәжілісте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске өзгерістерді таныстыру кезінде ұсынылды.

Сондай-ақ, тұрғын үйлерде орналасқан ойын-сауық орындарының да уақытын өзгерту көзделіп отыр: 22:00-ден таңғы 6-ға дейінгіні 23-тен таңғы 10-ға дейін өзгертуге ұсыныс жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу