"Кетчуп пен нан": Димаш өз әнін әзілге айналдырған қазақстандықтарға жауап берді

630

Әнші бұл әнді Ақтаудағы концертінде жанды дауыста орындаған.  

"Кетчуп пен нан": Димаш өз әнін әзілге айналдырған қазақстандықтарға жауап берді Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақстандықтар арасында талқыға түскен "Бір аспанның хикаясы" әніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

TikTok-та кейбір қолданушылар ағылшынша әндегі бір тіркесті "Кетчуп пен нан" деген әзілге айналдырып, түрлі трендтер түсіре бастады. 

"Бүгін әлеуметтік желілерде жерлестерімнің "Бір аспанның хикаясы" атты туындымды қызу талқылап жатқанын білдім. Егер сен туралы әзілдесе, демек бұл сенің бәріне қызық екендігіңді білдіреді. Құрметті жерлестер, креативті әзілдеріңіз бен назарларыңыз үшін алғыс білдіремін. Ал әлемдегі сүйікті жанкүйерлеріме айтарым, мені әрдайым қорғап, жақсылық пен шынайылықты қолдайтындарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің сөздеріңіз мен үшін музыка сияқты. 26 мамыр күні Алматыда өтетін D&Dears концертінде кездескенше", - деп жазды Димаш өзінің Instagram парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу