"Кетті су ауылға": Ақтөбе облысында тағы бір елді мекенге қарғын судан қауіп төнді

588

Қазір ойыл ауданы Шығанақ Берсиев ауылына қарасты Қаратал елді мекенінде тұрғындарды эвакуациялау жүріп жатыр.

"Кетті су ауылға": Ақтөбе облысында тағы бір елді мекенге қарғын судан қауіп төнді Фото: inbusiness.kz

Оларды ауылдағы мектепке орналастырып жатыр.

Оқиға орнына Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен облыстық ТЖД басшысы Марғұлан Аманбаев кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауылдың тұрғындары болса, осы уақытқа дейін өздері өзен жиектерін бекіту жұмыстарын жүргізгенін айтады. Алайда, қоршауды бұзып, су ауылға кіре бастаған.

Облыс орталығы Ақтөбеден қосымша арнайы құтқару тобы жіберілді. Ауылдастарына көмек қолын Қараталдың байырғы тұрғындары да жөнелтіп жатыр. 

"Сол Қаратал ауылынан шыққаннан кейін көшіп кетсек те ауыл жаққа алаңдап  отырамыз. Екі-үш күннен бері тыным таппай, телефонда отырмыз. Байырғы тұрғындар әлеуметтік желіде "чат" ашып, қолымыздан келгенше көмек көрсетуге қамданып жатырмыз", - дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны, кәсіпкер Айжамал Қарабалина.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегі бойынша, жеті ауданда 30 000 текше метр су сорғылау жұмыстары жүргізілген. Ал жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған Қобда ауданында су басқан 51 үйді судан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Қауіпсіз жерге көшірілген 74 адам эвапунктте тұрып жатыр. 

Зада Зейін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу