"Клиникалық өлім": Жамбыл облысында әскерге өз еркімен аттанған тағы бір сарбаз жансақтау бөліміне түсті

600

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сарбаздың жағдайы ауыр. 

"Клиникалық өлім": Жамбыл облысында әскерге өз еркімен аттанған тағы бір сарбаз жансақтау бөліміне түсті Фото: НК

Жамбыл облысында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының сарбазы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 9 маусым күні болған.

"Науқас 9 маусым күні Гвардейск әскери госпиталінен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Қордай орталық аудандық ауруханасына “полисегментальды пневмония” диагнозымен жатқызылды. Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, көптеген мүшелер жеткіліксіздігі байқалады. Атап айтқанда, тыныс алу, жүрек, бауыр, церебральды және инфекциялық токсикалық шок белгілері бар. Гемофильтрация және дәрі-дәрмекпен емделеді", — делінген хабарламада. 

Сондай-ақ дәрігерлер сарбаздың кеуде қуысында жарақаты бар екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу