"Бұл шынайылыққа қарсы құбылыс": Дін өкілі әлемдегі геосаяси шиеленіске тоқталды

188

Дін өкілдерінің дауысы анық әрі нақты болуы керек. 

"Бұл шынайылыққа қарсы құбылыс": Дін өкілі әлемдегі геосаяси шиеленіске тоқталды Фото: Wiedergeburt

Қазақстандағы Інжіл-лютеран шіркеуінің архиепископы Юрий Новгородов қазіргі әлем түрлі мәселелермен бетпе-бет келіп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің заманауи әлеміміз түрлі мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл аштық, судың жетіспеушілігі, ғаламдық жылыну, экология, білім беру, медицина, жасанды интеллект мәселелері. Барлығымыз түсініп отырғандай олардың барлығын жалғыз шешу мүмкін емес. Бұл мәселелерге күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана төтеп бере аламыз. Сонымен қатар бұл проблеманың көп бөлігі әскери ұрыс-қимылдармен байланысты. Түрлі БАҚ-қа шолу жасайтын болсақ, ядролық қару-жарақты қолдану күнделікті мәселе сияқты талқыланып жатқаны бізді қатты таңғалдырады. Осы қақтығыстардың эскалациясы ішінара, яғни дінаралық, ұлтаралық ерекшелікке негіздеп жатады. Менің пайымдауынша, көптеген мәселенің маңыздылығын ескере отырып, ең бастысы қай жерде болса да қантөгісті болдырмау керек. Бейбіт адамдардың, әйелдер мен балалардың қайтыс болуына жол берілмеу керек. Бұл шынайылыққа қарсы құбылыс", - деді ол.

Айтуынша, қантөгісті болдырмау және оны тоқтату – негізгі басым міндет.

"Дін өкілдерінің дауысы анық әрі нақты болуы керек. Бұл дауысты саясаткерлер, жетекші елдердің басшылары естісе деймін. Олардың шешіміне келешекте осы жағдайлардың қалай өрбитіні байланысты болады", - деді архиепископ Юрий Новгородов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу