"Кез келген нәрсеге дайын болуым керек": Сотта Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды

225

Салтанат Нүкенова түнгі екі шамасында құрбысына жазып, адвокат керегін айтқан. 

"Кез келген нәрсеге дайын болуым керек": Сотта Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды Фото: видеодан алынған кадр

Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенова мен құрбысы Аида Ахмединаның диалогын оқыды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокурор Ахмедина мен Нүкенованың 2023 жылы 19 сәуірдегі диалогын оқыды. Салтанат Нүкенова түнгі екі шамасында құрбысына жазып, адвокат керегін айтқан. 

"Ол менің заттарымды бермейді. Жалғыз келе алмаймын, ағам немесе әкеммен баруым керек. Кез келген нәрсеге дайын болуым керек. Маған ештеңе керек емес. Тек заттарымды алып кеткім келеді", - деп жазған Салтанат құрбысына. 

Аида Ахмедина қандай көмек керегін сұраған. 

"Оның мені жіберуі екіталай. Әкем де маған оның тыным бермейтінін айтады. Ол ештеңені қаламайды. Онымен тіпті диалогқа да түспеймін. Ол бәріне сәтсіз махаббаты мен менің қаншалықты қорқынышты екенім туралы айтады. Ал мен оған оралмасам, оның барлық талабын орындамасам, кек ала бастайды", – делінген жазбада. 

Нүкенова өзінің соққыдан көгерген іздері бар фотосы болғаны үшін Бишімбаевтың бопсалағанын жазған.

"Ол бұл фотоны жариялап, сол арқылы ақша табасың деп күдіктенеді. Бұл фотоны таратпауым үшін кепіл ретінде суретке жалаңаш түсуім керек екенін айтты. Мен оған "сен құбыжықсың" дедім. Бірақ жалаңаш суретке түспесем жібермейтінін білдім. Иә, одан құтылу үшін қалауын орындадым. Менің жолым болмады, шаршадым. Одан басқа ешкіммен сөйлеспеймін. Әр хабарлама, әр қоңырау, әр қадамымды басқарады. Телефонымды артық қарамаймын. Тіпті кейде қарапайым заттарды өшіруді ұмытып кеттім бе деп қорқамын. Ол кез келген уақытта қызбалыққа салынады. Айғайлап, қорлай бастайды. Шаршадым. Үнемі жанжалдан аулақ болу үшін үндемей қаламын немесе ақталамын. Жүйкем шыдай алмайды, тек ол ашуланбаса болды. Бұл махаббат емес. Қазір бәрін зерттеп жүрмін. Сол үшін Павлодарға қашып кеттім. Әрі қарай не болатынын білмеймін. Ол аянышты жағдайда. Оны осы кезге дейін аяп келдім", – делінген Нүкенованың жазбасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу