Кез келген жағдайда екіжақты мәміле болуы керек – Ақтоты Райымқұлова

978

Мұражайлар мен музей-қорықтар тауарлар мен қызметтерді сата алады. 

Кез келген жағдайда екіжақты мәміле болуы керек – Ақтоты Райымқұлова

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәлімдеуінше, "Мәдениет туралы" заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік мұражайлар мен музей-қорықтар өздерінің негізгі қызметінен тыс жұмыс жүргізіп, тауарлар мен қызметтерді сата алады. 

"Олар жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша міндетінен тыс қызмет үшін төлем алуға құқылы", – деді Ақтоты Райымқұлова. 

Министрдің мәлімдеуінше, музейлерде фототүсірілім тегін жүргізіледі. 

"Біздің ұстанымымыз бойынша, мәдени мұраларымыз, музейлеріміз, театрларымыз халық үшін қолжетімді болуы керек. Әрине, егер ақылы қызметтердің бағалары көрсетілген белгілі бір прейскурант болса, ол міндетті түрде ұсынылуы керек және оны өзара келісім бойынша жүзеге асыруға болады. Бірақ кез келген жағдайда екіжақты мәміле болуы керек", – деді Ақтоты Райымқұлова. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу