"Кезби" мұнай-сервис компаниясының директоры 10 жылға сотталды

200

"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамының мердігер компаниясы "Кезби" ЖШС мұнай-сервистік компаниясының директоры Ержан Кезбаев аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, салық төлеуден жалтарғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Кезби" мұнай-сервис компаниясының директоры 10 жылға сотталды Фото: canva

Сонымен қатар, сот үкімімен оған 10 жыл бойы мұнай-газ саласында басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.


Сот шешімі бойынша Ержан Кезбаевтан "ӨзенМұнайГаз" компаниясының пайдасына 321 миллион теңгеден астам қаражат өндіріледі.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 1,5 миллиард теңге төлеуге міндеттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу