Кездейсоқ жолаушы автокөлік ұрысын ұстауға көмектесті

954

Тәртіп сақшылары автокөлікті айдап кетті деген күдікпен 39 жастағы ер адамды ұстады.

Кездейсоқ жолаушы автокөлік ұрысын ұстауға көмектесті

Қаскүнем тұрғын үйдің ауласына көлікті қалдыра салып, жасырынбақ болған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде белгілі болғандай, тәртіп сақшылары автокөлікті айдап кетті деген күдікпен 39 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Қала тұрғынынан оның Mercedes-Benz маркалы автокөлігін ауладан айдап кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Жедел басқару орталығы мен патрульдік қызмет полицейлерінің бірлескен әрекеттерінің арқасында күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал автокөлік иесіне қайтарылды", – делінген хабарламада.

Айдап кетушіні анықтау және ұстау мақсатында арнайы жоспар құрылды. Бағдар бойынша көлік Сейфуллин көшесіне қойылыпты. Қарақшы қашып кетуге тырысып, көлікті аулаға тастап кеткен.

"Ұры қолға түсіп, полиция бөліміне жеткізілді. Полицейлер құқық бұзушыны ұстауға көмек көрсеткен жолаушыға алғысын білдірді", – деп атап өтті ПД баспасөз қызметінде.

Күдіктінің 2014 жылы да ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу