Кездесуде ана тілімізде сөйлесуіміз тәуелсіз мемлекет екендігімізді дәлелдейді – Хачатурян

936

Армения Президенті Ваагн Хачатурян Қазақстанға ресми сапары аясында Мемлекеттік басқару академиясы тыңдаушыларына дәріс оқыды. Ол "Армяндық "бейбітшілік тірегі": Оңтүстік Кавказдың ұлттық артықшылығы және тұрақты дамуының кепілі" тақырыбындағы дәрісін армян тілінде жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуде ана тілімізде сөйлесуіміз тәуелсіз мемлекет екендігімізді дәлелдейді – Хачатурян Фото: Ақорда

"Мен армян тілінде сөз сөйлеймін. Дегенмен, экранда ұсынатын материал ағылшын тілінде аралас болады. Егер аударма жақсы болса, онда бәрі дұрыс. Армян тілінде орысшаға аудармамен болады. Егер дұрыс болмаса, орыс тіліне көшемін. Сіздердің біздің ана тілімізді, біздің сіздердің ана тілдеріңізді естігеніміз өте маңызды. Ресми кездесулерде мен де, Премьер-Министріміз де өз тілімізде, Қазақстан тарапы қазақ тілінде сөйлейді. Мұны өте маңызды деп санаймын. Бұл өзімізді көрсету үшін жасалатын процедура ғана емес. Бұл шын мәнінде біздің тәуелсіз, бақуатты мемлекет екендігімізді тағы бір мәрте дәлелдейді", - деді Армиян Президенті.

Ваагн Хачатурян дәріс барысында Арменияның мемлекеттік басқару құрылымына, өңірдегі рөліне, тарихына, көлік-логистикалық әлеуетіне, әлеуметтік-экономикалық саласына, инвестиция тарту, елдегі жұмыссыздық мәселелеріне тоқталды.

"Елдегі жұмыссыздық 12 пайызды құрайды. Бірақ, бұл шартты түрде ғана. Өйткені, бізде жұмыс күші тапшылығы бар. Отандастарымыз өздеріне тиімсіз болғандықтан, белгілі бір салада жұмыс істегілері келмейді. Сондықтан олар жұмыссыздар деп саналады. Дегенмен, біздің көші-қон саясатымыз бар және сол арқылы Үндістаннан, басқа да шет мемлекеттерден жұмыс күшін шақырамыз. Түрлі бағалауларға сәйкес, жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан аспауы тиіс", - деді Ваагн Хачатурян.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу