Кезекші ХҚКО-лардың тізімі жарияланды

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы хабарлады. 

Кезекші ХҚКО-лардың тізімі жарияланды Фото: Хабар24

Ақтөбеде кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгерді. 1 шілдеден бастап азаматтарды Тургенев к-сі, 109 мекенжайы бойынша қабылдайды.

Сондай-ақ, Таразда кезекші ХҚКО-ның қызметтерін Алатау ш/а, 16А мекенжайы бойынша алуға болады.

Қарағандыда кезекші ХҚКО Шахтерлер даңғ, 5/2 мекенжайы бойынша орналасқан.

Түркістанда кезекші ХҚКО 160 квартал, 236 ғимарат мекенжайы бойынша жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, кезекші ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу