Кезекші сыныптағы оқушылар бетперде киюі керек

1218

Балалар ересектерге коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін. 

Кезекші сыныптағы оқушылар бетперде киюі керек

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов 5 жасқа дейінгі балалар бетперде киюге міндетті ме деген мәселеге қайта оралып, түсініктеме берді. 

Ол кезекші сыныпта оқитын балалар ғана бетперде киюге тиіс екенін айтты. 

"5 жасқа дейінгі балаларға бетперде кию міндетті емес. Алайда 
сабақ кезінде бетперде кию туралы талап бар", – деді министрліктің ресми өкілі.

Оның сөзінше, балалар да індеттің қоздырғышы бола алады. 

"Балалар егде жастағы адамдарға және қауіп тобына кіретін адамдарға індет  жұқтыруы мүмкін", – деді Бағдат Қожахметов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу