Кезекші сыныптардағы инфекциялық жағдай қашықтан білім алу жүйесіне қарағанда қауіптірек тәрізді. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят келтірген деректер осыған саяды.
"Біз оқушылар арасындағы сырқаттануға күнделікті мониторинг жүгізіп отырмыз. Оқу жылының басынан бері оқушылар арасын КВИ-дің 250 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныптарда 105 жағдай тіркелді. 1426 байланыста болған адам бар. Олардың ішінде 19 оң жағдай анықталды. Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай анықталды. 348 байланыста болған адам бар. Олардың арасында 22 оң жағдай анықталды", – деді ол.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу