Кезектен тыс президент сайлауына 12 миллиард теңге бөлінбейтін болды

1208

Сайлауға бөлінетін сома 9,4 млрд теңгеге төмендетілді.

Кезектен тыс президент сайлауына 12 миллиард теңге бөлінбейтін болды

Кезектен тыс сайлауға үкімет резервінен 9,4 млрд теңге бөлінеді. Үкіметтің  талқыға салынған қаулысында осындай сома қарастырылған.

Ал бұған дейін орталық сайлау комиссиясы алдағы науқанға 12 млрд теңге қажет деп мәлімдеген болатын. Қаржы министрлігі болса, сұралған бұл қаражат көлемі азайтылуы мүмкін деп ескерткен. Енді бөлінетін 9,4 млрд-ты аталған министрлік бақылайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу