Кезекті құрылтай: Жазушылар одағының төрағасы кім болуы мүмкін?

735

Бүгін, 12 мамырда Жазушылар одағының кезектi құрылтайы өтеді, онда одақтың жаңа төрағасын сайлайды.

Кезекті құрылтай: Жазушылар одағының төрағасы кім болуы мүмкін? Фото: Turkystan.kz

Құрылтайда жазушылар одағының төрағасын сайлау, одақтың бес жыл бойы атқарған жұмыстарына есеп беру сияқты мәселелер талқыланбақ, деп хабарлайды  inbusiness.kz Halyq Uni порталына сілтеме жасап.

Алматыдағы Жазушылар одағының кезектi құрылтайы жақындаған тұста өздерін төрағалыққа үміткер ретінде ұсынғандар бағдарламаларын жариялай бастады. Ал қаламгерлердің басым көпшілігі одақтың соңғы бес жылдағы үйлестіру жұмыстарына көңілі толмағандарын айтады.

Мәселен, "Muqaba" деп аталатын тәуелсіз баспаның негізін қалаушы, жазушы Арман Әлменбет одақ жұмысына қатысты алғашқылардың бірі болып ұсыныс тастаған болатын, алайда одақ төрағалығына үміткер ретінде тіркелуі үшін ұйым мүшелігіне өтуге қатысты берген өтініші жауапсыз қалған.

Құрылтай қарсаңында өзін үміткерлікке ұсынып жатқандардың бірі – жазушы Нұржан Қуантайды қолдап жатқандар да бар. Мәселен, оншақты қаламгер Нұржан Қуантайұлының үміткерлігін қолдайтынын айтып, президент Тоқаевтың атына ашық хат та жолдаған.

Қаламгердің айтуынша, одақтың соңғы жылдардағы жұмысына көбінің көңілі толмайды. Оған себеп – Жазушылар одағы өз әлеуетін жеткілікті деңгейде іске асыра алмай отыр.

Жазушылар Одағының төрағалығына кандидаттар тізімі әлі де белгісіз. Үміткерлердің есімі құрылтай кезінде ғана аталып, 100-ден астам басқарма мүшелері дауыс береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу