Кезекті сайлау дәстүрлі түрде өтеді

1553

Сайлаушылар үшін ешқандай күтпеген жағдай болмайды.

Кезекті сайлау дәстүрлі түрде өтеді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 2021 жылдың 10 қаңтарына Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы дәстүрлі түрде қағаз бюллетень толтыру арқылы өтетінін мәлім етті.

"Бұл сайлау – кезекті сайлау. Биылғы ерекшеліктердің бірі – мәслихаттарға сайлауда пропорциялық жүйе қолданылады. Парламент пен мәслихатқа сайлау бір уақытта өтеді. Тағы бір ерекшелік – партиялар әйелдер мен жастарға берілетін 30%-дық квотаны сақтауы қажет. Сондай-ақ биылғы сайлау пандемия кезінде өткелі жатыр. "Онлайн" немесе "көп күнге созылатын сайлау" тәрізді ұғым біздің сайлау туралы заңымызда мүлде жоқ. Алдағы сайлау үйреншікті тәсілмен, яғни қағаз бюллетень толтыру арқылы өтеді. Онлайн дауыс беру деген бос сөз. Сайлаушылар үшін ешқандай күтпеген жағдай болмайды", – деді Берік Имашев. 

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу