Кезінде Храпунов заңсыз жекешелендіріп жіберген жедел жәрдем кешенінің бір бөлігі қайтарылды

1148

Сотта Алматының экс-әкімі шығарған шешімнің заңсыздығы расталды.  

Кезінде Храпунов заңсыз жекешелендіріп жіберген жедел жәрдем кешенінің бір бөлігі қайтарылды Фото: viktorkhrapunov.com

Бұл туралы Алматы қаласы прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

15 ақпанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының "Жедел медициналық көмек" мүліктік кешенінің бір бөлігін жеке меншікке беру туралы шешімді жарамсыз деп тану күшіне енді.

"Храпуновтың ауданы 3800 шаршы метр және 50 акр жер учаскесін (Райымбек даңғылы, 196) жеке құрылымдарға беру туралы шешімінің заңсыздығы расталды. Нәтижесінде қаладағы денсаулық сақтау нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды" - деп хабарлады қадағалау органы.

Айта кетейік, Виктор Храпунов 1997-2004 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. Храпунов, оның әйелі Ләйлә және кейбір туыстары іздеуге жарияланды. 2021 жылдың қаңтарында Виктор Храпунов саяси баспана алды.

Оларға "қылмыстық топ құрды", "алаяқтық" және "пара алды" деген айыптар тағылды. Бұл ретте экс-әкімге "бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін ысырап ету" және "қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" баптары бойынша айып тағылды. Жалпы шығын көлемі 250 миллион доллардан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу