"Оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлады Антикор.
Еске сала кетсек, 2020 жылдың желтоқсанында Нұржан Әлтаев Nur Otan партиясынан шығарылды және Мәжіліс депутаты ретінде өкілеттіктерінен айырылды. Бұған дейін Алтаев Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының "Ел тірегі" бастамашыл тобы негізінде партия құру жоспарын жариялап, Қазақстанда оппозицияның болмауына байланысты бірқатар мәлімдемелер жасаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу