KFC Ресейден кетеді

570

Желінің атауы "Ростик'с" деп өзгертіледі.

KFC Ресейден кетеді Фото: РБК

 17 сәуірде Yum! Brands компаниясы KFC бизнесін сатып, Ресейден кету туралы келісімнің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Фаст-фуд мейрамханаларының жаңа иесі Константин Котов пен Андрей Осколковтың басқаруындағы "Смарт Сервис Лтд" компаниясы болды. Мәміле аясында жаңа иелер KFC-ді "Ростик'с" деп өзгертіп, желіге ребрендинг жасайды.

Шешім компанияның 100-ден астам мейрамханасына қатысты болмақ. Сондай-ақ, "Смарт Сервис" франчайзингтік шарт бойынша Ресейде жұмыс істейтін мейрамханалардың ребрендингіне жауапты болады.

Мәміле сомасы хабарланбады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу