ҚФФ Лео Игитаның әрекетіне байланысты мәлімдеме жасады

263

Лео Игита осы қылығы үшін "Ақтөбе" мен "Астана" жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

ҚФФ Лео Игитаның әрекетіне байланысты мәлімдеме жасады Фото: kff.kz

Әлеуметтік желіде тарап кеткен Алматының "Қайраты" мен Қазақстан футзал құрамасының қақпашысы Лео Игитаның қатысуымен болған бейнежазба жанкүйерлердің наразылығын туғызды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бейнежазбада автобусқа қарай келе жатқан Игитаның "Ақтөбе" мен "Астана" футбол клубтарының жалаушалары мен шарфының үстінен басып өткені түсіп қалған. Видеодан қақпашының басында мән бермегенін, кейін төменге зер салғанын, содан соң автобусқа кіргенін анық аңғаруға болады. 

Кейін Лео Игита осы қылығы үшін "Ақтөбе" мен "Астана" жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Сонымен қатар, "Қайрат" футзал клубы тиісті шара қолданылатынын жеткізді.

Осы оқиғаға байланысты Қазақстан футбол федерациясы арнайы мәлімдеме жасады.

"Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама мен "Қайрат" АФК капитаны Лео Игита және өзге де алматылық ойыншылардың қатысуымен болған жағдай ұйымның тиісті заң органымен қарастырылатынын мәлімдейді. Федерация мұндай жағдайдың алдағы уақытта қайталанбауына, ойыншылар арасында этика мен кәсібиліктің жоғары деңгейін ұстап тұруға, сондай-ақ, жанкүйерлер арасында осыған ұқсас оқиғалардың алдын алуға бар күшін салады. Барлық жағдай зерттеліп, қажетті тәртіптік шаралар қабылданады", - делінген онда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу